Ақтау тегерандық туристерді қабылдады

249

Былтыр алғаш рет "Тегеран - Ақтау - Rixos Water World Aktau" бағыты іске қосылған болатын.

Ақтау тегерандық туристерді қабылдады Фото: Бейнежазбадан

Ақтауға Наурыз мерекесіне орай Тегераннан чартерлік рейспен туристер келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр алғаш рет "Тегеран - Ақтау - Rixos Water World Aktau" бағыты іске қосылған болатын.

Тегераннан Ақтауға чартерлік рейстердің екінші легі - туристік бағыттар саласындағы табысты жұмыстың жалғасы. Иранда Наурыз мейрамы 20 наурыздан басталады.

Бұл біздің еліміздегі Наурыз мерекесімен сәйкес келеді. Иранда Наурыз мерекесі ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен көрсетілетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыруымен өтеді.

“Былтыр біздің өңірге Тегеран-Ақтау бағыты бойынша көктемгі мерекені тойлауға бортта 197 жолаушымен 2 чартерлік рейс ұшты. Қонақтар Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты. Биыл чартерлік рейстер саны 3 есеге артты, ал жолаушылардың жалпы саны 870 адамға дейін жетеді деп күтілуде. Бұл туристердің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығының артуын және елдер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың нығайғанын дәлелдейді”, – деді қонақ үй өкілдері.

Осы бағыт бойынша жазғы маусымда чартерлік рейстерді жалғастыру жоспарлануда.

Бұл өңірдегі туристік саланың дамуына өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Орталық Азиядағы туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын айқындайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу