Ақтауда көлік қаққан екі оқушының бірі қайтыс болды

1430

Қайғылы оқиға Ақтаудың 31б ш/а 14-үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағында орын алған.

Ақтауда көлік қаққан екі оқушының бірі қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Облыстық балалар ауруханасының мәліметіне сүйенсек, жолдан өтіп бара жатқан екі оқушы қызды көлік қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

"Жедел жәрдем балаларды шұғыл түрде жеткізді. 2017 жылғы туған қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Шамамен сол жастағы екінші оқушы жарақаттары мен көгерген жерлерімен ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр", - деді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:15 шамасында 31А және 31Б шағын аудандары арасында болған. "Nissan X-Terra" маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 5 және 6 жастағы екі қызды қағып кеткен. Олардың қасында бір қыздың анасы болған.                                                                                                                               

Анықталғандай, қайтыс болған оқушы №30 орта мектебінің мектеп алды даярлық сыныбында оқыған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу