Ақтауда көлік отқа оранды

593

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. 

Ақтауда көлік отқа оранды Фото: Ақтау ТЖД

Ақтау қаласында көлік отқа оранды. Өрт ауыздықталды, деп жазады inbusiness.kz www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан күні сағат 14:02-де машина жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт болды. Ешкім зардап шекпеген. Өрт 14:11-де жойылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 1 техникасы мен 6 қызметкері өрт сөндіруге жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу