Ақтауда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

156

Ақтауда 2 соғыс ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай олар 1,5 миллион теңгеден алады.  

Ақтауда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі Фото: gov.kz

Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бірі - Ольга Заривняк. Ол 1941-1945 жылдар аралығында Беларусь аумағындағы партизан отрядында байланысшы болған. Соғыс ардагері маңызды ақпарат жіберумен қатар жараланған сарбаздарға көмек көрсетіп жүрген.

Ал ардагер Василий Салазкин бірінші Қиыр Шығыс майданының құрамында  ерлік көрсетіп, кіші сержант шеніне дейін көтерілген. Ол майданның ауыртпалығына қарамастан соғыстан кейін ел игілігіне қызмет етті.

“Жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген мүгедектігі бар 25 адам 60 АЕК, 221 520 теңге, ал соғыс ардагерлеріне теңестірілген 76 азамат 50 АЕК, 184 600 теңге алады. Қалада 286 тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, соғыста мүгедек болып қалған жандардың жұбайлары бар. Олар 9 мамырға дейін 40 АЕК, 147 680 теңге төлем алады”, - деді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнар Хайрлиева.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан Ақтау қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:

  • коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы;
  • санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;
  • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу