Ақтауда студенттерге арналған жаңа жатақхана қолданысқа беріледі

440

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақтауда студенттерге арналған жаңа жатақхана қолданысқа беріледі Фото: gov.kz

Шаһардың он жетінші шағын аудандағы 500 орындық жатақхана бес қабаттан тұрады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ғимарат қажетті жиһазбен, құралдармен және бөлмелермен қамтылған. Жастарды алаңсыз білім алуына жағдай жасау –  басты назарда", - деді қала басшысы Ербол Ізбергенов.

Студенттік жатақхананың жалпы ауданы – 10 732 шаршы метр. Мұнда 2 және 3 жатын орындық бөлмелер, киім жуу бөлмесі, медициналық пункт, буфет, оқу залы, жиналыс бөлмесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу