banner

Ақтауда жолдағы қызметі кезінде коммуналдық жұмысшы көз жұмды

639

Жол-көлік оқиғасы Ақтау қаласында 29а шағын ауданда тіркелді.

Ақтауда жолдағы қызметі кезінде коммуналдық жұмысшы көз жұмды

Орталық тас жолға белгі қойып жүрген "Қала жолдары" коммуналдық мекемесінің жұмысшысын "Toyota Alphard" жүргізушісі қағып кетті. Зардап шеккен жұмысшы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.  

"Зардап шеккен 1960 жылы туған ер адамның жағдайы өте ауыр хәлде болды. Дәрігерлер науқасқа ашық бас сүйек жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың ауыр жарақаты, қан кету, бет сүйектерінің, жоғарғы жақтың және мұрын сүйектерінің сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның жабық сынуы диагнозын қойды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады", – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының хабарламасында.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу