Ақтөбе облысы былтыр 2,5 млрд АҚШ долларының өнімін экспорттады

940

Ақтөбе облысы былтыр 2,5 млрд АҚШ долларының өнімін экспорттады

Өңірдегі экономика өсімінің деңгейі 102%-ға дейін жетеді деп күтілуде. 16 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 4,8% жұмыссыздық деңгейі сақталды. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің өсімі -115,8%, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі — 108,7 млрд теңгені құрап, тартылған инвестиция – 101,3%, бөлшек сауда айналым көлемі – 101,2%, ал ШОБ-тің әрекет етуші субъектілері 101,5% артты. Бұл жөнінде есептік кездесу барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті,  деп хабарлайды "Тілші" ақпарат агенттігі.

"Өңірде инвестиция көлемі 28 млрд теңге болатын МЖС 38 жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда, атап айтқанда: түрік инвесторларымен бірлесе салынатын құны 5,5 млрд теңге құрайтын қалалық жедел-жәрдем бекеті, 2,9 млрд теңгеге офтальмологиялық аурухана, 616 млн. теңгеге стоматологиялық емхана, 3,5 млрд теңгеге Мұз сарайы салынады. 2017 жылы 23 мектептің, 65 бала бақшаның құрылысы басталады деп күтілуде. Олардың 54-і бюджеттен тыс қаражат есебінен салынбақ. Медициналық кластері, өңіраралық кооперация, "Ауылды жұмыспен қамту", "Бастау" және т.б. бойынша бірқатар жобалар облыста табысты жүзеге асырылуда", — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев облыстың 2016 жылы 2,5 млрд АҚШ долларының өнімін сыртқа шығарғанын жеткізді. 2017 жылы экспортты 12%-ға өсіру жоспарлануда. Облыс өзін-өзі жеке азық-түлікпен 60% қамтып отыр, 1310 жеке қожалық бірігіп, 107 ауылшаруашылық кооперативі құрылды.

"Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңір басшылығы Еуропа қайта құрылымдау және даму банкі және Ислам даму банкі — халықаралық қаржы институттарымен 19,5 мың гектар суармалы жерлерді және 12,7 млрд теңгеге 25 мың гектар көлдетіп суаратын жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде", деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, өңіраралық кооперация аясында 4,3 млрд теңгеге 21 мың тонна өнім әкелінді (2017 жылы 5,4 млрд теңгеге жоспарлануда), сонымен қатар, облыстан 9,4 млрд теңгенің 45 мың тонна өнімі жеткізілді.
ШОБ субъектілері 650 млрд теңгенің өнімін өндірді (2017 жылы 750 млрд теңгеге жоспарлануда). Кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары аясында 39,1 млрд теңге көмек көрсетілді. 2017 жылы бұл сома 43 млрд теңгеге дейін артады деп күтілуде.

 2017 жылы 28 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы қарастырылған (20 аудандарда және 8 облыс орталығында), 2018 жылы облыстың барлық елді мекендері медициналық мекемелермен қамтылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу