Ақтөбе облысында 17 ауыл әлі жарықсыз отыр

717

Ақтөбе облысының энергетиктері   құлаған бөренелерді қалыпқа келтіріп, электр желілерін әлі жөндеп жатыр. 

Ақтөбе облысында 17 ауыл әлі жарықсыз отыр Фото: inbusiness.kz

Кейбір елді мекендерде жарық беруге жолдың нашарлығы да әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz.

-          Мысалы, Хромтау ауданы жағында  көлік батып қалды. Жол нашар. Қазір Қарғалы, Алға жағынан көмекке мамандар барып жатыр. Бүгінгі таңда 17 елді мекенде электр қуаты жоқ. Мәртөк пен Хромтау аудандарында 5 елді мекенде, Әйтеке би мен Қобда аудандарында -1 ауылда, Ырғыз ауданында - 3, Шалқар ауданына қарасты 2 ауыл жарықсыз отыр.  Үш ауданда жөндеу жұмыстарын бүгін кешке дейін аяқтауға тырысамыз,- деді Ақтөбе облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 40 ауыл жарықсыз отырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу