Ақтөбе облысында құтқарушылар өрттен 8 адамды құтқарды

392

Оның ішінде 1 бала болған. 

Ақтөбе облысында құтқарушылар өрттен 8 адамды құтқарды Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 25 сәуірде сағат 18.00-де112 пультіне Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде  өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде көршілес пәтерден 8  адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Шақырту орнына өрт сөндірушілер келген кезде  тұрғын үйдің  қонақ бөлмесі өртеніп жатқаны 

анықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 18:28-да сөндірілді.

Өрттің алаңы 20 шаршы метрді құрады.

Шығу себебі - үй иелері май шам жағып, қараусыз қалдырған.

Ақтөбе облысы ТЖД еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз.

Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.

Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.

Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу