Ақтөбеде ірі қарадан белгісіз індет шықты

277

Алға ауданында шаруа қожалығының  бірінде тоғыз бас сиыр өлген.

Ақтөбеде ірі қарадан белгісіз індет шықты Фото: inbusiness.kz

Белгісіз індет бір апта бұрын Алға ауданының Тоқмансай ауылында  шыққан.

Аудандық әкімдіктегілердің айтуынша, "Өлетті" шаруа қожалығында тоғыз бас ірі қара өлген. Індетке шалдыққан малдың ішкі ағзаларын тексеріп қараған мал дәрігерлері  уланып өлуі мүмкін деген болжам жасап отыр. 

"Өлген малдың бәрі  — бір қожалықтыкі. Сойып қараған сәтте оларлың ішектері үзіліп, улану белгілерінің нәтижесін көрсетті. Шөптен улануы мүмкін деп болжам жасап отырмыз.  Біздің тағы да бір қаупіміз — қарасан ауруы. Бірақ, нақты диагнозын зертханалық сынама қорытындысын білгеннен кейін ғана айта аламыз. Қазір барлық патологиялық материалды ветеринарлық зертханаға жолдадық. Он күннің ішінде нәтижесі шығуы тиіс", — деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Мал өлекселерінің бәрін жойып, қора-қопсыны залалсыздандырған. Індет шыққан шаруа қожалығында жүзден астам ірі қара бар. 

Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жоспарына сәйкес Алға ауданына республикалық қордан қарасанға қарсы  38 000 доза вакцина бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу