Ақтөбеде көлігінде төрт жолаушы қайтыс болған жүргізушіге үкім шықты

1252

Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны 5 жылға сотталды. 

Ақтөбеде көлігінде төрт жолаушы қайтыс болған жүргізушіге үкім шықты Фото: inbusiness.kz

Сонымен қатар, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болады.

Сот процесі Қобда аудандық сотында өтті. Үкімге сотталушының анасы мен туыстары қатысты. Ал жәбірленуші тарап үкімді онлайн тәртіпте тыңдады.

Сотқа қатысқан көлік жүргізушінің анасы ұлы үшін кешірім сұрады.

"Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бір қателесті. Бірінші Алладан, екінші мына қымбат адамдарынан айрылған бүкіл жанұядан аналық кешірім сұраймын. Сіздердің қайғыларыңыз үлкен, сәбилер жетім қалды. Өзім де анамын, түсінемін...",- деді Сандуғаш Кенжеғалиева.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 1-маусымда Самара -Шымкент тас жолында болған еді. "Ларгус" көлігі жүк көлігіне соғысып, жеңіл көліктің үш жолаушысы оқиға болған жерде, біреуі Қобда аудандық ауруханасында қайтыс болды. Марқұмдар - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар Ақтөбеге ЖОО-да емтихан тапсыру үшін келе жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу