Ақтөбеде көпқабатты үй өртенді

439

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудан 25 адамды құтқарды. Арасында балалар да бар. 

Ақтөбеде көпқабатты үй өртенді Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Қызыл жалын үйдің бірінші қабатынан шыққан. Подъездің дәлізінде тұрған заттар тұтанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жоғары қабатта тұратындарды сатының көмегімен шығарыпты. Апатты жоюға 15 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

"Біздің өрт сөндірушілер 11 ересек адам және 4  баланы алып шықты. Одан басқа Сондай-ақ, баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды. Өрт сағат 14:16-де жойылды. Өрт алаңы 5 шаршы метр", деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу