Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

478

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы "Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Жасөспірімнің өзіне өзі қол жұмсауының  себептері анықталуда.

Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Былтыр 128 дерек болса, биыл  16 жағдай       болған.  Оның ішінде 47 адам қайтыс болды, 121 адам қол жұмсауға тырысып, уақытында құтқарылды.

Күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) жасалды деді прокурорлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу