Ақтөбеде мыңнан астам бала оқулықсыз отыр

411

Олар жаңа оқу жылында ашылған жеке мектеп-гимназияның оқушылары.  

Ақтөбеде мыңнан астам бала оқулықсыз отыр Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

SMART BILIM мектеп-гимназиясы биылғы оқу жылында ашылған болатын. Екі ауысымда жеті мыңнан астам оқушыны қамти алатын білім ошағына қазір 3700 бала барып жүр. Сол оқушылардың  2200-і ғана оқулықпен қамтылған.

"SMART BILIM" мектеп-гимназиясында , расымен оқулық  проблемасы бар.  Аталған білім ордасы-  жеке мектеп санатына жатады.  Қазір біз бюджет есебінен басқа мемлекеттік мектептерден алып, 2200 балаға оқулық бердік. Қалып отырғаны - 1415 бала. Жеке мектеп әрі қарай баспа үйлеріне тапсырыс беріп, сатып алады. Егер ата-ана  бір ай  күте алмаймын десе, өзі сатып алады. Бұған дейін де кітап жетіспеуі мүмкін екендігі айтылды. Жалпы, облыстық бюджеттен оқулықтармен қамтамасыз етуге 1 млрд 950 млн теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік мектептердің 1-11 сыныптары толық  қамтылды",- дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ордабаева.

Қазір жеке мектеп-гимназияға барып жүрген 3700 баланың барлығы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып жатыр. Оқулық жетпеген оқушылар бір-бірімен кезектесіп, енді біреулері электронды оқулықтың көмегіне жүгінген. Мектеп басшылығы  мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру болғаннан кейін оқулықтар сатып алынатын айтты.

Ақтөбе облыстық әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын мемлекет бастауыш сыныптың бір оқушысы үшін - 445 мың, 5 пен 9-сынып  оқушысына - 605 мың  теңге, ал 10-11 сынып оқушы - 721 мың теңге  төлейді. Инклюзивті оқыту үшін баға 753 мыңнан бастап 1 млн 310 мың теңге аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу