Ақтөбеде үш зейнеткерді алдаған жігіт ұсталды

487

Келтірілген шығын көлемі 5 млн. теңгеден асады.

Ақтөбеде үш зейнеткерді алдаған жігіт ұсталды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

15 - 16 мамыр аралығында Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлерге қатысты алаяқтық жасалды. Алаяқ құрбандарына жақын туысының жол-апатына түскені және осы мәселені шешуге жәрдемдесетіні туралы айтып қоңырау шалған. Нәтижесінде егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық жинақтарынан айырылып, жалпы шығын 5 млн.теңгеден асты.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі  - "ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық".

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу