Ақтөбеден күніне орта есеппен 3 мың текше метр қар шығарылады

386

Қазіргі таңда шаһардан барлығы 213 мың текше метр қар полигондарға тасымалданған.  

Ақтөбеден күніне орта есеппен 3 мың текше метр қар шығарылады Фото: gov.kz

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Барша ақтөбеліктердің атынан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Су тасқынының алдын алу үшін тәулік бойы жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жылда су таситын жеке сектор тұрғындары биыл үйлеріне алаңдамай отыр. Түсіністік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет", - деді аймақ басшысы.

Ақпаратқа сәйкес, бұдан бөлек қаладағы су тасқыны кезеңінің өтуі бойынша жұмыс отырысы да өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық сүт зауыты, Мәскеу, Шанхай және Құрмыштағы жеке секторлардан қар шығару, еріген қар суынан көшелерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Бұл учаскелерде 152 көше бар. Оның ішінде 93-інде қар толығымен шығарылды, 12 көшеде жұмыстар аяқталу сатысында", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу