Әлемдік қарыз биыл рекордтық деңгейге жетеді

206

Бұған пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуінен кейін мемлекеттер мен корпорациялардың қарызға көптеп қаражат алуы себеп болған.

Әлемдік қарыз биыл рекордтық деңгейге жетеді

2020 жылдың соңына қарай әлемдік қарыз көлемі коронавирус пандемиясы кесірінен рекордтық 277 триллион долларға жетеді. Institute of International Finance мамандары осылай болады деп топшылап отыр.

Қарыз өткен жылдың аяғындағы көрсеткішпен салыстырғанда 15 триллионға өспек. Қаржы секторынан тыс берешек мөлшері биыл 210 триллион долларға дейін артпақ. Өткені жылғы көрсеткіш – 194 триллион доллар. 

Сарапшылардың айтуынша, әлемдік қарыздың өсуіне пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуінен кейін мемлекеттер мен корпорациялардың қарызға көптеп қаражат алуы себеп болған. Экономистер осының салдарынан дефолт қаупі төнгенін айтып отыр.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры тарихта алғаш рет әлемнің барлық елдерінің мемлекеттік қарызы осы жылы әлемдік ЖІӨ-нің 101,5%-на жететінін мәлімдеген еді. Яғни осылайша Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш болмақ.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу