Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту қажет

928

Сенатор Бауыржан Қаниев депутаттық сауал арқылы Үкімет басшысы Асқар Маминге осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту қажет

Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шарасы нақты нәтиже бермегенін алға тартқан депутат жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30%-ды құрайтыны, азық-түліктің 70%-ы сырттан келетінін, салдарынан бағаның өсетінін айтты. 

"Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың басынан бастап сәбіз – 45%-ға, картоп – 38,5%-ға, күнбағыс майы – 16,7%-ға, пияз – 10,9%-ға, қант – 9,2%-ға қымбаттағанын жариялады. Үкімет бағаны 2 тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі – 6% мөлшерлемемен кәсіпкерлерге несие беру арқылы. Бірақ оған көп кәсіпкердің және шаруа қожалығының қолы жетпей жатыр. Екіншісі – азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы. Мұнай дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да бұл тәсілдер нарықтағы бағаға нақты әсерін тигізе алмайды. Үкімет ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шекті бағаны бекітіп, өкілетті орган бағаның өзгеруін қатаң бақылауға тиіс", – деді Бауыржан Қаниев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу