Алматы маңында бүгін екінші рет жер сілкінді

499

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ. 

Алматы маңында бүгін екінші рет жер сілкінді Фото: inbusiness.kz

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпан 16 сағат 33 мин 6 секундте жер сілкінісін тіркеді, Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде, Қытай аумағында жатыр. Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл, зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу