Алматы мен Балқашты жылумен қамту жүйесінде 288 млн теңгені қолды қылғандар анықталды

576

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алматы жылу желілері" ЖШС және "Балқаш жылу" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматы мен Балқашты жылумен қамту жүйесінде 288 млн теңгені қолды қылғандар анықталды Фото: aikyn.kz

Ақпаратқа сәйкес, "АлТС" ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

"Балқаш жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден астам ұрлық жасады деп күдіктелуде (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу