Алматы облысында 33 жастағы әйел 10 күннен бері табылмай жатыр

443

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Алматы облысында 33 жастағы әйел 10 күннен бері табылмай жатыр Фото: Lider.kz

Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Lider kz волонтерлері мәліметінше, Алматы облысында Кеген ауылының тұрғыны 1990 жылы туған Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кетті. 

Туысқандарының айтуынша, ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу