Алматы облысында 81 жастағы әжейді өз үйінде тонап кеткендер ұсталды

607

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 81 жастағы әжейді өз үйінде тонап кеткендер ұсталды Фото: polisia.kz

Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды.

Олар өз қылмысын толығымен мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.

Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу