Алматы облысында екі ер адам зейнеткерді тұншықтырып, тонап кеткен

601

Алматы қаласының 1978 және 1989 жылғы екі тұрғыны ұсталды.

Алматы облысында екі ер адам зейнеткерді тұншықтырып, тонап кеткен Фото: polisia.kz

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында үйінің ауласына медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған.

"28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының 1978 және 1989 жылғы екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. 

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу