Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

1286

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдап жатыр.

Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды Фото: polisia.kz

Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды, оның екеуі фитолаборатория болып шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 кг астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы шетелдіктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу