"Алматы-Өскемен" тасжолында көлік көпірден құлап, жүргізуші көз жұмды

490

Ер адам рульді басқара алмай қалған. 

"Алматы-Өскемен" тасжолында көлік көпірден құлап, жүргізуші көз жұмды Фото: Абай облыстық ПД

Республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан "Lada Kalina" маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.

"Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысып, көпірден құлады. 23 жастағы жүргізуші сол жерде қаза болды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте полицейлер жүргізушілерден жол ережесін сақтауға, жолда барынша абай болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу