Алматыда 30 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты

324

Субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. 

Алматыда 30 жаңа автобус жолаушылар тасымалына шықты Фото: Inbusiness.kz

Жеке тасымалдаушы "Мадина" ЖШС Yutong маркалы үлкен сыйымдылықтағы (100 адамға дейін) 30 жаңа автобус  сатып алды (автобустардың ұзындығы – 12 метр). Барлық автобустар төмен еденді, кондиционерлермен және пештермен жабдықталған.

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17,  ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.

Ағымдағы жылы жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу