Алматыда 825 адам қызылша жұқтырған

710

Науқастардың басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Алматыда 825 адам қызылша жұқтырған Фото: iStock

Алматы қаласында қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Қаңтар айында 825 адам қызылша жұқтырған. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы мегаполисте қызылшаның зертханалық расталған 4846 жағдайы тіркелді, оның 73 пайызы — 14 жасқа дейінгі балалар", - деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, науқастардың басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Бұл – аурудың негізгі себебі.

"Халықты қызылшаға, паротит қызамығына қарсы қосымша жаппай иммундау жалғасуда. 2023 жылдың 6 қарашасы мен 2024 жылдың 28 қаңтар аралығында қызылшаға қарсы иммундаумен барлығы 149 550 адам қамтылды. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 1 және 6 жаста екі рет жүргізіледі. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың барлық емханаларының егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі", - деді эпидемиолог.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу