Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

422

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйсіз-күйсіз әйелді айрықша қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Асхат Иманқұсовқа қатысты үкім шықты. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті.

Іс талқысына төрағалық еткен судья Мартпек Кәкімжанов үкімді жария ете отырып, сот Асхат Иманқұсовты кінәлі деп танып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарғанын атап өтті.

Бұған дейін прокурор Жаңыл Жұмабаева алқабилерге қылмыс орнынан түсірілген және Иманқұсовтың кінәсін дәлелдейтін іс материалдарындағы суреттер мен бейне жазбаларды көрсетіп, таныстырған болатын.

Басы кесілген әйелдің денесі 2023 жылдың сәуір айының соңында қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылды, жәбірленушінің кесіп алынған басын қаскөй дүкенге қалдырып кеткен. 

20 қыркүйекте сот процесі кезінде құрбанның таныстарынан сұрақ-жауап алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу