Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына күрделі жөндеу жасалады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наталья Сац атындағы жастар театрының сахнасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша ғимарат салынады деп уәде берді.   

Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына күрделі жөндеу жасалады Фото: gov.kz

Қала әкімінің Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде қазақстандық актриса, Наталья Сац атындағы Жастар театрының әртісі Ольга Коржева театрда 42 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмегенін айтты. 

"Ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары 90%-ға тозған.  Сондай-ақ, театрда өрт қауіпсіздігі мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кіреберісті басқару жүйесі мен апаттық түйме сияқты заманауи қондырғылар жоқ", – деді Ольга Коржева.

Қазақстандық актриса 2025 жылы Жастар театрының 80 жылдық мерейтойы болатынын айтып, жөндеу жұмыстарын соған дейін жүргізуді сұрады.

Шаһар басшысы театр сахнасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша ғимарат салынады деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу