Алматыда пәтер бағасы арзандауы мүмкін

502

Жер үйге сұраныс артқан

Алматыда пәтер бағасы арзандауы мүмкін Фото: Almaty.tv

Алматыда пәтер бағасы шаршы метріне 700 мыңға дейін арзандауы мүмкін. Мұндай болжамды риелторлар айтып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатында тұратын Тәуке хан Бақытжанұлы жер дүмпуі кезінде жары екеуі пәтерде болған. "Жоғарғы қабаттан жердің қозғалғанын қатты сездік" деген ол, сол түні жеке үйдің жарнамасын іздей бастаған. Алайда аяқ-асты ауыс-түйіске дайын болмағандықтан 14-қабаттан 4-қабатқа көшуге мәжбүр болған.

– Пәтерде жоғарғы қабат болған соң, жер сілкінгені қаттырақ сезіледі. Жел соққанда желбіреген жапырақ сияқты болдық. Сондықтан сол түні жаңа пәтер қарадық, – деді қала тұрғыны Тәуке хан Әріпхан.

"Көшуге келісімшарт жасап, жер үйден жай табамыз" деген тұрғындардың тағы біразы ескі үйді алуға дайын болған. Алып-сатумен айналысатын мамандарға кірпіш үйге көп сұраныс түскен.

– Көп адамдар жер сілкінісінен соң, қатты үрейленіп қалды. 14-қабатта тұратын жас семья 2-3 қабаттан пәтер сұрады. Ал пәтер арзандайды. Жоғарғы қабаттағы пәтердің квадрат метрі 700-800 мың теңге түсуі мүмкін, – деді риэлтор Ерболат Досалиев.

Тұрғын үйлердегі пәтер құнының төмендеуі уақытша болуы да мүмкін. Оны мамандар психологиядағы эйфория түсінігімен байланыстырады. Яғни зілзаладан секем алған сәтте шықан шешім. Алайда алматылықтарға жақсы таныс пәтер алып-сату платформасындағы жарнамалардан, құны 65 миллион болатын пәтердің қожайыны жер үйге ауысуға қарсы емес екенін көрсеткен. Ал 52 миллионға бағаланған үш бөлмелі баспананың иесі, нақты тұрғысы келетін қала сыртындағы аумақтың мекен-жайын жазып қойған. Демек жер үйге деген сұраныстың бары жасырын емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу