Алматыда саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткендер табылды

178

Оларды Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткендер табылды Фото: ҚР ТЖМ

"Екі азамат пен бір бала жеңіл автокөлікпен Алматы қаласынан Бақанасқа қарай саңырауқұлақ іздеуге шығып, адасып қалған. Құтқарушылар тобы оларды іздеу жұмыстары барысында жоғалған адамдарды тауып, тас жолға жеткізді. Табылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж емес", — деп жазды ТЖМ-нан.

Ведомство егер құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда, 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу