Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

556

Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады.

Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды Фото: inbusiness.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерге арналған дағдарыс орталығы іске қосылды. Мұндай орындар еліміз бойынша Астана, Алматы және мен Шымкент қалаларынан ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл үш мегополисте алғаш рет дағдарыс орталығы жұмысын бастады. Астана мен Алматыда 30-дан, ал Шымкентте 20 орынға лайықталған. Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады. Ешкім далада қалмайды.

"Оған қоса әрбір жоғары оқу орнының жанынан ахуал орталығы да құрылды. Мұның барлығы үлкен қалаларға білім іздеп келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр", -делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Студенттер жатақханаға өтінішті онлайн түрде жібереді. Жауабы 1 күн ішінде беріледі. Ал жатақхана жетпеген жағдайда хостелге орналастырады. Алматы қаласы бойынша қыркүйекке дейін жаңасы бар, қайта жасалғаны бар 5 жатақхана қолданысқа беріледі. Оған қосымша жыл соңына дейін дәл осындай 14 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға тарта студент жатақханаға орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу