Алматы маңында тағы жер сілкінді

806

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі 12 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10:34-те тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы маңында тағы жер сілкінді Фото: newsweek.com

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,8. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,9", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қабылдау (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу