Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

257

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар желтоқсаншыларды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.  

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар желтоқсаншыларды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу