Алматыда жер сілкінісінен кейін медициналық көмекке жүгінгендер жоқ

1161

Медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда жер сілкінісінен кейін медициналық көмекке жүгінгендер жоқ Фото: canva.com

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

"Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке ешкім жүгінбеді", – деп хабарлады басқармадан.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта қалада сейсмикалық жағдай тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу