Алматыда жер тағы екі мәрте қозғалды

2998

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда жер тағы екі мәрте қозғалды Фото: canva.com

Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.

Зілзаланың энергетикалық санаты –10.5. MPV магнитудасы – 4.5.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Энергетикалық санаты – 13.3. MPV магнитудасы – 5.8.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу