Алматыдағы лай көшкіні салдарынан 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған

4568

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты. 

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған Фото: Алматы ТЖД

Оның айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған.

"Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар", - деді әкім.

Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады

"Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады", - деді аудан әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу