Алматыдан 495 км қашықтықта жер сілкінді

473

Зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

Алматыдан 495 км қашықтықта жер сілкінді Фото: halyq uni

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 07.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,9.

MPV магнитудасы – 4,5.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу