Алматылықтар үйлерін сақтандыруға көшті

496

Алматыдағы соңғы жағдайдан кейін ғана адамдар мүлікті, адам өмірін сақтандыру амалдарына қызығушылық таныта бастаған. 

Алматылықтар үйлерін сақтандыруға көшті Фото: freepik

Бұл туралы ҚР ҚНРДА төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке орай, біздің елде мүлікті сақтандыру мәдениеті ақсаң басып келеді. Үй иелері жақсылыққа не мемлекетке сеніп алған. Тек Алматыдағы соңғы жағдайдан кейін ғана адамдар мүлікті, адам өмірін сақтандыру амалдарына қызығушылық таныта бастады. Мұндай үрдісті БАҚ беттеріндегі материалдардан, әлеуметтік желідегі хабарламалардан байқауға болады", — деді спикер. 

Былтыр халық жеке сақтандырушылардың квитанцияларға пәтерлерді өрттен, су басудан, зілзаладан сақтандыруды енгізу туралы ұсынысына қарсылық білдірген еді. 

"Үй иелерінің көбі бұл сақтандыру түрін міндетті деп ойлап шағымданған болатын, негізі сақтандыру ерікті түрде жүргізіледі. Қазір болса сақтандырудың дәл осы түріне сұраныс артты", — деп түсіндірді маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу