Алматының Мемлекеттік қуыршақ театрында "Менің атым Қожа" спектаклі қойылады

762

Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады.

Алматының Мемлекеттік қуыршақ театрында "Менің атым Қожа" спектаклі қойылады Фото: Қуыршақ театры

Алматыда 10 жылда алғаш рет Мемлекеттік қуыршақ театрында жаңарту мен жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Театрдың сахна кеңістігі, көрермендер залы, грим бөлмелері, гардеробы жөнделіп, есіктері мен едені жаңартылды. Сапалы дауыс пен жарықты қамтамасыз ететін соңғы үлгідегі заманауи сахна жабдықтары сатып алынды. Қазір театр ұжымы бірнеше премьера дайындап жатыр. Шарль Перро ертегісі негізінде "Етіктегі мысық", Гогольдың "Шинель" және Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повестері бойынша жаңа спектакльдер қойылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев театрды жаңарту көрермендер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады. Жыл сайын 80 мыңнан астам көрерменді қабылдайтын өнер ордасы бүлдіршіндердің де, ересектердің де сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу