Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Маралды ауылында алтын өндірісінің дау-дамайы өршіп тұр. Жергілікті тұрғындар компаниялар алтынды карьерлік жабайы тәсілмен өндіруде, қоршаған орта мен табиғатқа орны толмас залал келтіруде деп есептейді. Ал әкімдер алтын өндірушілердің мүддесін көздейді деп мұңын шаққан тұрғындар ел Президенті мен Бас прокурорға және облыс басшысына шағымданып отыр. Тұрғындардың тілегі – адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның, өзендердің улануына жол бермеу. Маралды селосының тұрғындары көпшіліктің қарсылығына қарамай баса-көктеп карьерлер мен фабрикалар салуға кіріскен олигархтардың әрекетінен қорғанудың Президентке жүгінуден басқа жолын таппай отыр. Тұрғындар Президентке және Бас прокурор мен облыс әкіміне мынадай хат жолдады:
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевқа
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Маралды ауылының тұрғындарынан.
Байланысушы тұлға
Құнанбаев Қинаят Рахметқалиұлы
ЖСН 500501301561
тел.: 8 72339-25106
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біз, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Маралды селосының тұрғындары, елді мекендер мен өзендерге тақау жерлерден алтын өндірісі фабрикаларын құру жолымен Күршім ауданының экожүйесін бұзу ниетіндегі Қазақстан Республикасы олигархтарының баса-көктеген әрекетінен қорғану үшін Сізге жүгінуге мәжбүрміз.
Соңғы бес жылдың барысында алтын өндіруші компаниялар алтынды жабайы жолмен өндіріп, Шығыс Қазақстан облысының экожүйесіне нұқсан келтіре отырып, Күршім ауданын аяқасты етіп отыр.
Атап айтқанда, қазіргі күнде алтын өндіруші компаниялар – "Maraliha", "Maraliha Gold", "BCAM Prodachn" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері алтын өндіру фабрикасын Маралды селосының ішіне салып, елді мекеннің тіршілігі мен тыныштығын бұзуға әрекет етуде.
Соңғы алты айда Күршім ауданының әкімдігі мен "олигархтар" тарапынан Маралды селосының тұрғындарымен алтын өндіру фабрикасын құру мәселесімен төрт қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдаулардың барлығы да Маралды селосының тұрғындарының алтын өндірісі бойынша карьерлер мен фабрикалардың салынуына бірауыздан келіспеу шешімімен аяқталған.
Біз, Маралды селосының тұрғындары, Күршім ауданының әкімі мен Маралды ауыл округінің әкімі "олигархтардың" мүддесін қорғайды деп есептейміз. Себебі Маралды селосының тұрғындарымен әр кездескен сайын фабрика мен карьерлердің салынуына көнуге үгіттейді, тіпті Маралды селосының кейбір тұрғындарына қысым жасауға әрекет еткен кездері бар.
Алтын өндіру фабрикалары мен карьерлерін құру Маралды ауыл округі мен Күршім ауданының қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне орны толмас нұқсан келтіреді.
Алтынды карьерлік тәсілмен өндіру кезінде кенді ыдырату үшін натрий циониді деген химиялық реагент қолданылады. (Натрий циониді өзге де цианидтер тәрізді өте улы. Улану кезіндегі әсері калий ционидінен кем емес. Ағзаға түскен кезде ұлпалық тыныс алу ферменттерін төмендетеді, сөйтіп, ұлпалар қаннан оттегі алу қабылетінен айырылады).
2011жылы алтын ажырату кәсіпорны "Алтай Кен-Байыту" ЖШС-ның қалдық қоймасынан құрамында цианидтер, мыс, қорғасын бар техникалық сулар Секисовка және Волчанка өзендеріне алты тәулік бойы ақты. Экологтар сонда табиғатқа бір миллиард теңгеден астам сомада залар келтірілді деп бағалаған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі күнде Маралды селосының тұрғындары алтын өндіру фабрикасын құруға рұқсат берілген жағдайда ауыл округінің аумағында 2011 жылдағы сияқты экологиялық ахуал туындауы мүмкін деп қатты алаңдайды. Себебі село таулы аймақта, Маралды және Күршім өзендерінің қосылған тұсында орналасқан, ал бұл өзендерді Қызыл кітапқа енгізілген күмжі, майқан балықтары мекен етеді. Оған қоса село тұрғындары бұл өзендердің суын ауыз су ретінде қолданады.
Қазіргі уақытта Маралды селосындағы ахуал ауыр. Үстіміздегі жылдың 3 мамырында Күршім өзеніне өтетін жалғыз көпір арқылы алтын өндірушілер карьерлік ауыр жүк көліктері "БелАЗ-дың" 11-ін, карьерлік бульдозердің екеуін, жүк тиегіштің төртеуін, карьерлік экскаватордың төртеуін өткізбек болды. Село тұрғындары тірі баррикада құрып, өткізбеді, себебі Маралды селосынан шығатын жалғыз стратегиялық көпір мұндай техникалардың салмағынан қирауы мүмкін. Сонымен қатар село тұрғындары фабрика салып, карьер қазуға қандай да бір келісім берген жоқ. Алтын өндірушілердің сөзіне қарағанда, техника орналастыру үшін қажет.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам құқықтары мен бостандығының символы мен кепілі және азамат ретінде Сізден Маралды селосының, мүмкін бүкіл Күршім ауданының тұрғындарының басына туған проблемалық мәселеге араласуыңызды сұраймыз. Күршім ауданында алтын кені өндіріліп жатқан басқа селоларда да тұрғындардың бәрі "олигархтардың" алтынды жабайы тәсілмен өндіруіне мүлдем қарсы шығып жатыр.
Қосымша: Маралды селосы тұрғындарының тізімі
Бейнежазба жинақтаушыда
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Асылов Берік Ноғайұлына
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Ахметов Даниал Кенжетайұлына
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Маралды ауылының тұрғындарынан.
Байланысушы тұлға
Құнанбаев Қинаят Рахметқалиұлы
ЖСН 500501301561
тел.: 8 72339-25106
Құрметті Берік Ноғайұлы !
Құрметті Даниал Кенжетайұлы!
Біз, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Маралды селосының тұрғындары, елді мекендер мен өзендерге тақау жерлерден алтын өндірісі фабрикаларын құру жолымен Күршім ауданының экожүйесін бұзу ниетіндегі Қазақстан Республикасы олигархтарының баса-көктеген әрекетінен қорғану үшін Сіздерге жүгінуге мәжбүрміз.
Соңғы бес жылдың барысында алтын өндіруші компаниялар алтынды жабайы жолмен өндіріп, Шығыс Қазақстан облысының экожүйесіне нұқсан келтіре отырып, Күршім ауданын аяқасты етіп отыр.
Атап айтқанда, қазіргі күнде алтын өндіруші компаниялар – "Maraliha", "Maraliha Gold", "BCAM Prodachn" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері алтын өндіру фабрикасын Маралды селосының ішіне салып, елді мекеннің тіршілігі мен тыныштығын бұзуға әрекет етуде.
Соңғы алты айда Күршім ауданының әкімдігі мен "олигархтар" тарапынан Маралды селосының тұрғындарымен алтын өндіру фабрикасын құру мәселесімен төрт қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдаулардың барлығы да Маралды селосының тұрғындарының алтын өндірісі бойынша карьерлер мен фабрикалардың салынуына бірауыздан келіспеу шешімімен аяқталған.
Біз, Маралды селосының тұрғындары, Күршім ауданының әкімі мен Маралды ауыл округінің әкімі "олигархтардың" мүддесін қорғайды деп есептейміз. Себебі Маралды селосының тұрғындарымен әр кездескен сайын фабрика мен карьерлердің салынуына көнуге үгіттейді, тіпті Маралды селосының кейбір тұрғындарына қысым жасауға әрекет еткен кездері бар.
Алтын өндіру фабрикалары мен карьерлерін құру Маралды ауыл округі мен Күршім ауданының қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне орны толмас нұқсан келтіреді.
Алтынды карьерлік тәсілмен өндіру кезінде кенді ыдырату үшін натрий циониді деген химиялық реагент қолданылады. (Натрий циониді өзге де цианидтер тәрізді өте улы. Улану кезіндегі әсері калий ционидінен кем емес. Ағзаға түскен кезде ұлпалық тыныс алу ферменттерін төмендетеді, сөйтіп, ұлпалар қаннан оттегі алу қабылетінен айырылады).
2011жылы алтын ажырату кәсіпорны "Алтай Кен-Байыту" ЖШС-ның қалдық қоймасынан құрамында цианидтер, мыс, қорғасын бар техникалық сулар Секисовка және Волчанка өзендеріне алты тәулік бойы ақты. Экологтар сонда табиғатқа бір миллиард теңгеден астам сомада залар келтірілді деп бағалаған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі күнде Маралды селосының тұрғындары алтын өндіру фабрикасын құруға рұқсат берілген жағдайда ауыл округінің аумағында 2011 жылдағы сияқты экологиялық ахуал туындауы мүмкін деп қатты алаңдайды. Себебі село таулы аймақта, Маралды және Күршім өзендерінің қосылған тұсында орналасқан, ал бұл өзендерді Қызыл кітапқа енгізілген күмжі, майқан балықтары мекен етеді. Оған қоса село тұрғындары бұл өзендердің суын ауыз су ретінде қолданады.
Қазіргі уақытта Маралды селосындағы ахуал ауыр. Үстіміздегі жылдың 3 мамырында Күршім өзеніне өтетін жалғыз көпір арқылы алтын өндірушілер карьерлік ауыр жүк көліктері "БелАЗ-дың" 11-ін, карьерлік бульдозердің екеуін, жүк тиегіштің төртеуін, карьерлік экскаватордың төртеуін өткізбек болды. Село тұрғындары тірі баррикада құрып, өткізбеді, себебі Маралды селосынан шығатын жалғыз стратегиялық көпір мұндай техникалардың салмағынан қирауы мүмкін. Сонымен қатар село тұрғындары фабрика салып, карьер қазуға қандай да бір келісім берген жоқ. Алтын өндірушілердің сөзіне қарағанда, техника орналастыру үшін қажет.
Құрметті билік өкілдері, Сіздерден Маралды селосының, мүмкін бүкіл Күршім ауданының тұрғындарының басына туған проблемалық мәселеге араласуларыңызды сұраймыз. Күршім ауданында алтын кені өндіріліп жатқан басқа селоларда да тұрғындардың бәрі "олигархтардың" алтынды жабайы тәсілмен өндіруіне мүлдем қарсы шығып жатыр.