Антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын 5,5 жылға соттады

238

Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын 5,5 жылға соттады Фото: видеодан скрин

Шымкентте бұрынғы қала прокуроры Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 айға сотталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Мақсат Қожабаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ онымен бірге атышулы іске кәсіпкер Зәкір Ғұламов та тартылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 28-бабы 4-бөлігінде, 367-бабы 4-бөлігінде, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жыл бір айға бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу