Аргентинада АЭС апатқа ұшырап, 20 миллион адам жарықсыз қалды

448

Бұл туралы Жергілікті La Nación газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Аргентинада АЭС апатқа ұшырап, 20 миллион адам жарықсыз қалды Фото: img5.eadaily.com

Сәрсенбіде Буэнос-Айрес пен республиканың кейбір аймақтарындағы Аргентинаның кем дегенде 20 миллион тұрғыны елдің солтүстігіндегі Атуча атом электр станциясының істен шығуына байланысты электрэнергиясыз қалды.

Оның мәліметтері бойынша, техникалық ақау жоғары вольтты электр желісіндегі өрттен туындаған апатқа байланысты болды. Кейбір қосалқы станцияларда апаттық өшіру жүйесі жұмыс істеді.

Басылым электр энергиясын беру 48 сағат ішінде қалпына келтірілуі мүмкін екенін, АЭС инфрақұрылымының зақымданғаны туралы хабарланбағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу