Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімінің негізгі принциптері туралы мәмілеге келді

310

Жақында БҰҰ соты "Әзербайжан Қарабақтағы босқындардың оралуына рұқсат беруі керек" деген шешім шығарды.   

Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімінің негізгі принциптері туралы мәмілеге келді Фото: Reuters

Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімінің негізгі принциптері туралы мәмілеге келді. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Еревандағы күзгі сессиясының ашылу салтанатында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әзербайжанмен бейбітшілікке қатысты негізгі принциптер туралы келісім жасастық. Бұған Әзербайжан президентімен Брюссельде болған кездесу және  Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишельдің бітімгер ретіндегі жұмысының арқасында қол жеткіздік", - деді ол.

Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте ресми Баку Таулы Қарабақта әскери операция бастаған болатын. Операция кезінде 100 мың адам Арменияға жаппай бас сауғалап қашып кеткен еді. Жақында БҰҰ соты "Әзербайжан Қарабақтағы босқындардың оралуына рұқсат беруі керек" деген шешім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу