Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты

335

Никол Пашинян Арменияға қатысты шарттың орындалмағанын жеткізді. 

Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты Фото: РБК

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшелігін уақытша тоқтатып қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселеге көңіл аудармай отыра алмаймыз. Біз осы Шартқа қатысуды тоқтаттық. Ары қарай не болатынын көрейік", - деді Пашинян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу