Асхат Шахаров Ақтөбе облысының жаңа әкімі болды

961

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Асхат Шахаров Ақтөбе облысының жаңа әкімі болды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып  Асхат Шахаров     тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

45 жастағы Асхат Шахаров бұған дейін үш жыл бойы (16.03.2020-11.2022) Ақтөбе қаласын басқарған болатын. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының аудандарында әкім болды. Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалға дейін ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды. 

Айта кеткен жөн, Асхат Шахаров- ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы,жазғы олимпиада ойындарына қатысушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу