Астана әуежайында әуе рейстерінің ұшу кестесі өзгереді

564

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Астана әуежайында әуе рейстерінің ұшу кестесі өзгереді Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ұшақтардың ұшу кестесіне өзгерістер енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, әуежайда 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күн сайын 11.00-ден 18.00-ге дейін ұшу-қону жолағын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

“Air Astana әуекомпаниясы елордадан және елордаға орындалатын рейстер кестесіне тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Осы уақыт аралығына жоспарланған әуекомпания рейстері ертерек немесе кейінірек уақытқа ауыстырылады. Өзгеріске ұшыраған рейсттердің жолаушыларына билетті сатып алу орнында тегін қайта брондау немесе толық қайтару ұсынылады”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу