Астана әуежайында қонақтарды Әскери үрмелі оркестр шерумен қарсы алды

553

Сондай-ақ, музыканттар "Хан-Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өнер көрсетті. 

Астана әуежайында қонақтарды Әскери үрмелі оркестр шерумен қарсы алды Фото: Қорғаныс министрлігі

Елорданың халықаралық әуежайы мен "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрінің музыканттары мен құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері мерекелік концерттік бағдарламамен өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары халық әндері мен патриоттық әуендерді, әскери шерулер мен танымал хиттерді орындады. Олардың өнерін құрметті қарауыл ротасы сарбаздарының карабиндерімен дефиле толықтырды.

Әскери қызметшілердің Халықпен осындай импровизацияланған шығармашылық кездесулері қазақстандықтар рухын нығайтып, жақсы көңіл-күй сыйлары сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу