Астанада 13 мыңнан аса автоборышкер анықталды

287

Полицейлер борышкерлерді "Қорғау" бағдарламасы арқылы анықтап жатыр.

Астанада 13 мыңнан аса автоборышкер анықталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, бағдарлама көше камераларынан алынған деректерді талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы белгі береді.

Бұл жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, көлікті жоғары жылдамдықпен басқаратын жүргізуші болуы мүмкіндігін ескертеді. 

Айта кету керек, елордалық полиция департаментінің қызметкерлері бұл жүйенің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда. Атап айтқанда, астаналық тәртіп сақшылары “Қорғау” бағдарламасының көмегімен қала көшелеріндегі көлік тәртібін жақсартып қана қоймай, алимент пен әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, заңды және жеке тұлғаларға берешегі бар автокөлік борышкерлерін де анықтап жатыр.

Мәселен, полиция қызметкерлері балаларына 8,2 миллион теңге қарыз болған 35 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Сонымен қатар жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде тағы бір жапондық көлік иесінің 22 миллион теңге қарызы бары анықталып, екі көлік те айыптұраққа қойылды. 

Жыл басынан қалалық жол полициясының саптық бөлімшелері “Қорғау” бағдарламасы арқылы 734 миллион 313 мың теңге көлемінде айыппұл төлемеген 13 483 автокөлік иелерінің қарызы барын анықтады. 

Жүйе іске қосылғалы бері Астанада 460 автокөлік қамау алаңына қойылып, жалған нөмірмен автокөлікті басқарудың 106 фактісі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 жылға көлік басқару құқықтарынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу