Астанада 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шағын несие беру басталды

1410

Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. 

Астанада 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шағын несие беру басталды Фото: gov.kz

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейін кредит ала алады.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Аталған микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті.

Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және т.б.) тартуға құқығы бар.

Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

Микрокредит алуға өтініштер "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, "Эдем" БО мекен-жайында қабылданады (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, коллцентр 5353).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу